Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық астық жиналды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
«Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 16 млн гектардан астам жерден жиналады деп болжанып отыр. Бүгінгі таңда 12,7 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 79,3%-ы орылды. Нәтижесінде 19,8 млн тонна астық жиналды», — делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,3 млн тонна майлы дақыл, 2,4 млн тонна картоп және 3,2 млн тонна көкөніс жинаған.
Атап айтқанда, 427,5 мың тонна қырыққабат, 897,4 мың тонна пияз, сондай-ақ 328,5 мың тонна сәбіз жиналыпты.
Сурет: Agrotrend.kz