Еліміздің өңірлерінде егін жинау науқаны жалғасуда. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда 9,8 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 61,1%-ы жиналды. Нәтижесінде 14,8 млн тонна астық орылды.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 656,1 мың тонна майлы дақыл, 1,8 млн тонна картоп және 2,8 млн тонна көкөніс жинады.
Атап айтқанда, 404 мың тоннадан астам қырыққабат, 717,3 мың тонна пияз, сондай-ақ 282,8 мың тонна сәбіз жиналды.
Сурет: Agrotrend.kz