«Jańa Dala / Green Day ‘2025» халықаралық көрмесі аясында Республикалық етті ірі қара мал тұқымдары палаталарының қолдауымен «Үздік бұқа» ұлттық байқауы ұйымдастырылды.
Байқауға Қазақстанның жетекші асыл тұқымды шаруашылықтары — «Мамбетов и К» КТ, «KAZBEEF LTD» ЖШС және «Атамекен Агро Шукырколь» ЖШС қатысты.
АҚШ, Ұлыбритания, Ресей және Қазақстаннан келген етті мал шаруашылығы саласындағы халықаралық сарапшылар ірі қара тұқымдарын бағалады. Қазылар алқасы ангус, герефорд, қазақтың ақбас және қалмақ тұқымды ірі қаралар арасынан үздіктерді анықтады.
Байқаудың жеңімпазы әрі абсолют чемпион атағын «KAZBEEF LTD» ЖШС-не тиесілі ангус тұқымды Maverick атты бұқа иеленді. Жеңімпаз бұқаның жасы — 51 ай (2021 жылы туған), салмағы — 970 кг.
Бас жүлде — байқаудың бас демеушісі, қазақстандық «АГРОТЕХМЕНЕДЖМЕНТ» компаниясы ұсынған жаңа YTO дөңгелекті тракторы болды.
Қазылар алқасы бірінші орынды Батыс Қазақстан облысындағы «Сәбит» шаруа қожалығына тиесілі, қазақтың ақбас тұқымды «Қыран» есімді бұқаға берді. Екінші орын Ақмола облысындағы «Айдар» шаруа қожалығының қалмақ тұқымды «Терри» атты бұқасына бұйырды.