2025 жылы Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде ет бағытындағы заманауи құс фабрикасы – “Eco-Chiken” ЖШС жұмысын бастайды. Құны 2,5 млрд теңге болатын жаңа инвестициялық жоба 280 мың құс ұстауға есептелген және өңір агроөнеркәсіп кешеніндегі ірі нысандардың біріне айналмақ. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін облыс ішіндегі сұранысты қамтып қана қоймай, еліміздің нарығына да шығып, сапалы құс етін бүкіл Қазақстан бойынша жеткізуді жоспарлап отыр.
Жоба Сауран ауданын дамыту жөніндегі кешенді бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. 2024 жылы ауданда жалпы құны 16,4 млрд теңге болатын 13 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр.
Сурет: АШМ