Қазақстанда 19,1 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары егілді. 14,3 млн гектардан астам астық егілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысында 4,9 млн гектар ауыл шаруашылығы алқаптары, Алматы облысында — 273,4 мың га, Ақтөбе облысында — 509 мың га, ШҚО — 488,6 мың га, Жамбыл облысында — 328,9 мың га, БҚО — 345,1 мың га, Қарағанды облысында — 1 млн га астам, Қостанай облысында — 4,7 млн га, Павлодар — 1,2 млн га, СҚО — 3,5 млн га, Түркістан облысында — 520,7 мың га, Жетісу облысында — 373,7 мың га, Абай облысында — 618,1 мың га және т. б. егілді.
Дәнді дақылдар 14,3 млн гектардан астам, жемшөп — 880,8 мың га, көкөніс — 119,2 мың га, картоп — 115 мың га, бақша — 85,1 мың га, майлы дақылдар — 3,1 млн га, мақта — 141,6 мың га, қант қызылшасы — 17,8 мың га, күріш — 91,7 мың га егілді.
Министрліктің деректері бойынша фермерлер 1,1 млн тоннадан астам минералды тыңайтқыштар жеткізуге шарт жасасты, 976,9 мың тонна жеткізілді.
Сурет: Agrotrend.kz