Биыл 1-тамыз бен 20-қазан аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Берік Терлікбаев мәлімдеді.
«Ауыл шаруашылығы санағы – еліміздің аграрлық секторының құрылымы, ресурстары және жай-күйі туралы өзекті әрі сенімді деректерді жинауға бағытталған ауқымды статистикалық байқау. Санақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ҚР Үкіметінің шешімімен өткізіледі. Мерзімі – 2025 жылғы — тамыздан 20-қазанға дейін. Уақыт ауыл шаруашылығы маусымының ерекшеліктері мен ауыл шаруашылығы жылының қорытындылары ескеріліп таңдалған», – деді спикер.
Берік Терлікбаевтың айтуынша, санаққа дайындық жұмыстары 1,5 жыл бұрын басталған. Үкімет деңгейінде арнайы комиссия құрылып, қажетті нормативтік-құқықтық база бекітілді.
Сурет: Agrotrend.kz