Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытайдың Алтай қаласына жасаған іссапары аясында Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы губернаторының орынбасары Бақытжан Қағбатұлы бастаған делегациямен де кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде Баян-Өлгей аймағының өкілдері Семей мен Баян-Өлгей қалалары арасында әуе рейсін ашу, мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге, туризмді дамытуға қатысты ұсыныстарын айтты.
«Екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға дайынбыз. «Баян-Өлгей-Семей» бағытында әуе рейстерін ашу бойынша екі ел Үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің деңгейінде тезірек шешілуіне ықпал ететін боламыз. Сондай-ақ Семейдегі ет комбинатына мал етін тасымалдауды ұлғайту жөніндегі ұсыныстарыңызды қолдаймыз. Және екі ел арасындағы туризмді дамытуға мүдделіміз», — деді Абай облысының әкімі.
Сурет: облыс әкімдігі