Биыл өңірдегі егіс алқаптарының ауданы 427,7 мың гектарға жетеді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 3,8 мың гектарға артық. Негізгі өсім дәнді және жем-шөп дақылдарына тиесілі. Ылғалды жабу бойынша көктемгі жұмыстар 357,2 мың гектарға жоспарланған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өсімдік шаруашылығын қолдау үшін жергілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлінді. Қаражат тұқым шаруашылығын дамытуға, басым дақылдарды қолдауға және тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталады. Суару суының құнын арзандатуға 750 млн теңге бөлінді.
«Кең дала» бағдарламасы аясында шаруаларға 15,7 млрд теңге сомасында жеңілдікті несиелер берілді. Қазіргі уақытта «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ шаруашылықтардан 1,3 млрд теңге сомаға 36 өтінім берілді.
Алматы облысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр, фермерлер қажетті тұқымдармен қамтамасыз етілді. Жеңілдетілген бағамен 4 650 тонна дизель отыны бөлінді – литріне 250 теңге, мұнай базаларынан жөнелту 20 наурызда басталады.
Облысқа 16,0 мың тонна минералды тыңайтқыштар әкелінді, қосымша 77 шаруашылық «ҚазАзот» АҚ-мен 1 334 тонна тыңайтқыш жеткізуге шарт жасасты. Жалпы, минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі биыл 25%-ға артып, 60,8 мың тоннаға жетеді.
Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту өзекті міндет болып қала береді: облыста техниканың 58%-ы 25 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді. Осыған байланысты 2025 жылы лизингке 665 жаңа ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарлануда.
Су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары күшейтіледі: бұл көрсеткішті 93,6 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда.
Сурет: Agrotrend.kz