Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы 2024-жылдың 27-желтоқсанына дейін жалғасатынын хабарлады.
Акцияға осы акция кезеңінде берешегі болған және сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар Аграрлық несие корпорациясының қарыз алушылары (заңды және жеке тұлғалар) қатыса алады.
Қарыз алушы тек мерзімі өткен сыйақы сомасын, мерзімі өткен негізгі борыш сомасын, мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасын және айыппұл сомасын толық өтеген жағдайда өсімпұлсыз төлей алады.
Айта кету керек, қарыз алушы акцияға бір рет қана қатыса алады.
Клиент 2024-жылдың 27-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына ақша аудару арқылы қарызды өсімпұлсыз өтей алады.
Сурет: agrocredit.kz