Түркістан облысында «Казкрахмал» ЖШС жүгеріні терең өңдеу жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылған. Қазір өндірістік қуатты арттыру және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізілуде.
2025 жылы крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, мальтоза сиропы, жүгері майы, глютен, кебек және түйіршіктелген құрама жемді қоса алғанда 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланған. Өндірісте тек генетикалық түрлендірілмеген жүгері пайдаланылатын болады.
Жалпы инвестиция көлемі 35 млрд теңге.
Кәсіпорынның өнімдері ішкі нарықта да, сондай-ақ Азия мен Еуропа елдерінде де сұранысқа ие болады.
Сурет: АШМ














































