Вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын тұрақтандыру және инфляцияны тежеу жөніндегі апта сайынғы кеңес өткен. Онда сиыр еті нарығындағы жағдай бөлек қаралды. Апталық бағаның 0,8%-ға өсуімен жыл басынан бері жиынтық өзгеріс 20,2%-ды құрады. Бұл әлемдік ет бағасының өсу қарқынынан және көрші елдердегі бағадан төмен, деп хабарлады primeminister.kz.
«Қазақстандық сиыр еті әлі де бәсекеге қабілетті: елдегі орташа баға бір келісіне 3 105 теңгені құрайды, бұл ЕАЭО елдері мен Өзбекстанға қарағанда төмен. Бұл ретте көрші елдердің нарықтары тарапынан сұраныс тұрақты жоғары», — деді сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Алдағы кезеңдерде картоп бағасының өсуіне жол бермеу үшін Сауда министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен, әкімдіктермен және Картоп өсірушілер одағымен бірлесіп тұрақты жеткізілімдер мен баға туралы меморандум дайындап жатқан көрінеді.
Вице-премьер — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сауда министрлігіне өнімнің жеткілікті болуы мен сапасын тұрақты бақылау үшін тұрақтандыру қорларын тексеру алгоритмін әзірлеуді тапсырды.