Yesil Technology Company компаниясы Алматы облысында жоғары технологиялық дрондар шығаратын кәсіпорын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Жобаны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «KAZAKH INVEST» АҚ қолдауымен жүзеге асыру көзделген.
ҚР АШМ өкілдері мен инвесторлар арасында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы мен экономиканы әртараптандыруды қолдауға бағытталған жобаның құны шамамен 12 миллион АҚШ долларын құрайды.
Өндірілетін дрондар Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де экспортталады.
Өндірістік процеске халықаралық тәжірибесі бар жетекші инженерлер мен қазақстандық мамандар қатысады.
Сурет: АШМ