Түркістан облысының Жетісай қаласындағы кәсіпкер Ақбаян Алтауова күріш өңдейтін цех ашты, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Қажетті жабдықтар кәсіпкердің Қытайдан тартылған 190 млн теңге көлеміндегі инвестициялық қаражаты есебінен сатып алынды.
Цехтың тәуліктік қуаттылығы 7 тонна шикізат. Дайын өнім өңірдегі сауда нүктелерінде, сондай-ақ Шымкент пен Алматы қалаларында сатылып жатыр.

Кәсіпкер мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда Жетісай қаласына 94,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған.
Жалпы 8 жоба жүзеге асырылды, тағы 6 жобаны қолға алынбақ.
Сурет: АШМ












































