Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығы жер заңнамасының талаптарын бұзғаны анықталды, деп хабарлады ҚР Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов.
«Департамент жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында жер учаскесінің шекарасы бойымен 6 шақырымға созылған, ені 1 метр және тереңдігі 1,5 метр болатын ор қазылған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының заңнамасының 65 бабы 14-тармағына сәйкес, қоршау мақсатында топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға және құнарлылығын жоюға жол беруге болмайды. Алайда бұл талап сақталмаған», — деді М.Теміржанов.
Аталған факті бойынша ҚР Жер кодексінің 140-бабына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 337-бабына сәйкес, «Жерді бүлдіру» фактісі бойынша шаруа қожалығына 700 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 376 200 теңге айыппұл салынған.
Сурет: Мұрат Теміржанов