Шаруаларға жеңілдетілген бағдарлама бойынша техника сатып алуға қосымша 20 млрд теңге бөлінді, деп хабарлады «ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз қызметі.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға қосымша 20 млрд теңге бөлінгенін және 5%-бен «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау басталғанын жариялады. Құжаттарды қабылдау 2024-жылдың 23-қазанында басталады.
Бағдарламаға қатысушылар келесі шарттарды пайдалана алады:
- Мөлшерлеме: жылдық 5%;
- Мерзімі: 7 жылға дейін;
- Бірінші лизингтік төлем: лизингке техника алғаннан кейін 2024- жылдың 1-желтоқсанынан кешіктірмей 10%-ға дейінгі соманы төлеу керек.
Өтінімдер қабылдау үшін «@KazAgroFinance.bot» (https://t.me/kaz_agro_finance_bot) ҚазАгроҚаржы Telegram bot-ында электронды кезек әзірленеді.
Клиент Telegram bot-та өтінім берген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өңірдегі «ҚазАгроҚаржы» филиалына құжаттардың толық пакетін ұсынуы тиіс. Филиалдардың байланыс телефондары www.kaf.kz компания сайтында көрсетілген.
Сурет tengrinews.kz