Жапондардың ең көп жейтін тағамы күріш бір жылда екі есе қымбаттады, деп хабарлады 24KZ. Былтыр бір келісінің орташа бағасы біздің ақшамен 1300 теңге болатын. Ал қазір 2 жарым мың теңгеге сатылып жатыр. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп. Содан аз өнім жиналған. Былтыр жаһандық жылыну салдарынан Жапониядағы егіс алқаптарында күріштің танымал сұрпы – «Коси-хикари» өнімінің 5 пайызы ғана жиналған.
Сурет: Agrotrend.kz