Жамбыл облысының Жамбыл ауданында қуаттылығы жылына 3,6 мың тонна сүт өндіретін ірі тауарлы-сүт фермасы салынып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Aznur Agro ауыл шаруашылығы кооперативінің басшысы Азат Сатановтың айтуынша, құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған.
Жылдық қуаттылығы 3,6 мың тонна сүт алуға қауқарлы жоба аясында заманауи ферма пайдалануға беріледі, сондай-ақ 32 жаңа жұмыс орны ашылады. Ресейден 340 ірі қара мал сатып алынды.
«Болашақта бұл нысан облыстағы алғашқы толық цифрландырылған ферма болады. Мұнда бір уақытта 16 сиырды саууға мүмкіндік беретін карусельді сауу қондырғысы орнатылады, сондай-ақ малды толық басқару жүйесі енгізіледі. Ылғалдылық, температура және желдету параметрлері автоматты режимде реттелетін болады, қора-жайларды автоматты тазалау жүйесі жұмыс істейді», — делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
Сурет: ашық ақпарат көзі













































