2025 жылы Түркістан облысында баялды егуге 2,3 мың гектар ауыл шаруашылығы жері бөлінді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Негізгі егіс алқаптары Сарыағаш, Сайрам, Жетісай, Келес және Түлкібас аудандарында шоғырланған.
Болжам бойынша, баялды өнімін жинау көлемі шамамен 52 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда өңірдің диқандары алғашқы өнімнің 2,9 мың тоннасын жинап үлгерді.
Көкөніс өсірушілер мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдаланып келеді. Атап айтқанда, субсидиялау бағдарламасы аясында минералды тыңайтқыштарға жұмсалған шығынның 50–60 пайызы, сондай-ақ пестицидтерге, гербицидтерге және биологиялық күрес құралдарына кеткен шығынның 50% пайызы өтеледі. Бұдан бөлек, саланың дамуына септігін тигізетін өзге де қолдау түрлері көрсетілуде.
Сурет: АШМ