Биыл Түркістан облысында 58 мың гектар жерге мақта егіледі. Жаңа технологияларды енгізу арқылы оның өнімділігін 2,5 есеге арттыру жоспарлануда. Бұл туралы өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Тәжірибе көрсеткендей, заманауи технологияларды пайдалану суды, минералды тыңайтқыштарды және еңбек ресурстарын үнемдеуге мүмкіндік береді, ал өнімділік гектарына 60 центнерге жетеді (орташа көрсеткіштен 2,5 есе жоғары). Технологиялардың артықшылықтарын түсіндіру үшін фермерлер арасында кездесулер өткізілуде», — деді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов көктемгі дала жұмыстарына дайындық бойынша өткен кеңесте.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, биыл егіс алқаптарын 37 мың гектарға ұлғайтып, оларды 906 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта өңірде 51% жер жыртылды. Дала жұмыстарына 25 мың техника жұмылдырылды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының иелігінде 12 мың трактор, мың сепкіш, 554 соқа және мың жер жырту агрегаты бар.
Нұрбол Тұрашбеков аудандар мен қалалардың әлеуетін ескере отырып, қосымша 47 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Сурет: әкімдік сайтынан алынды