Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен көліктің барлық түрлерімен тауық жұмыртқасын әкелуге алты ай мерзімге тыйым салды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұйрық 9-сәуірде күшіне енді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, тыйым жұмыртқа транзитіне қолданылмайды.
«Көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым салынды. Өздеріңіз білетіндей, осы кезеңде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс және нарықта үй шаруашылығы өнімдерінің белсенді болуы есебінен толығымен жабылады. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне кері әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құнынан төмендеуі кәсіпорындардың табысына да әсер етеді», — деп түсіндірді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Технологиялық ерекшеліктерге байланысты жұмыртқа өндірісінің көлемі жазғы кезеңде азаймайды, керісінше қоймаларда тауар жиналып қалады. Тауар өндірушілерді қолдау және ішкі нарықты қорғау үшін сыртқы сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия импортқа уақытша тыйым салу туралы шешім қабылдады.