DeLaval компаниясы «Борте Милка» ЖШС тауарлы сүт фермасында жаңа V300 сауу роботтарын іске қосты, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі. Шымкенттен 30 шақырым жерде орналасқан заманауи кешенде 260 сауын сиырға арналған қосымша қора салынды. Бұл кәсіпорынның қуатын едәуір арттырды.
Соңғы V300 роботты сауын аппараттарының төртеуін орнату арқылы фермадағы роботтардың жалпы саны 12-ге жетіп, «Борте Милка» ЖШС Орталық Азиядағы ең ірі роботталған сүт фермасына айналды. Озық технологиялар өнімділікті арттырып қана қоймай, жануарларға күтім жасау процесін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
V300 роботтары сауынды жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар әр сиырдың өнімділігі мен денсаулығы туралы деректер жинауға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолдана отырып жасалған. Бұл тәсіл уақыт пен ресурстарды үнемдей отырып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге жол ашады.
Келер жылдың басында «Восток молоко» холдингінің осындай жаңа жобасы іске қосылады.
Сурет АШМ сайтынан