Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 400 басқа арналған «Агротехника-Жамбыл» жаңа тауарлы сүт фермасы ашылады. Бұл туралы «Солтүстік» ӘКК хабарлады.
Ферма Даниядан 200-ден астам голштин тұқымды ірі қараның алғашқы партиясын қабылдауға дайындалып жатыр.
Жобаның құны 2,5 млрд теңге, оның 800 млн теңгесі мал мен жабдықтарды сатып алу үшін «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы берген несие қаржы. Толық қуатқа шыққан кезде ферма 3 мың тоннадан астам сүт өндіретін болады.
Тауарлы сүт фермасында 35-ке жуық жұмыс орны ашылады.
«Агротехника-Жамбыл» ауыл шаруашылығында мол тәжірибесі бар кәсіпорын. Компания 2004 жылдан бері өсімдік шаруашылығымен айналысады. 2015 жылдан бері мал шаруашылығымен айналыса бастаған. Ангус тұқымды ірі қара мал өсіріп, ет бағытын дамытып отыр. Енді сүт бағытын қолға алмақ.
Сурет: «Солтүстік» ӘКК