Симментал сиыры – сүт, ет өндіру бағытында өсірілетін сиыр тұқымы. Швейцарияда шығарылған. Дүние жүзінде кең тараған тұқым. Қазақстанға 19-ғасырдың аяғынан бастап әкеліне бастаған. Симментал сиырын жерсіндіру және оның бұқасы мен жергілікті сиырды сіңіре будандастыру негізінде өзіңдік ерекшелігі бар қазақстандық симментал сиырының типі шығарылды. Олар Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі. Түсі сарғыш жөне қызыл ала. Табиғи жайылымда бағуға жақсы бейімделген. Бұқасы — 800-1000 кг, сиыры — 530-580 кг салмақ тартады. Жылына әр сиырдан майлылығы 3.8-3,9 % 3200-3800 кг сүт сауылады. Таза ет шығымы — 60%, еті дәмді. Таңдаулы табыңдары Павлодар облысының «Песчанский» асыл тұқымды мал зауытында өсіріледі.
Agrotrend – бұл аграрлық секторға бағытталған қазақ тіліндегі арнайы платформа. Біз ауыл ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткіземіз. Қолданыстағы кредиттер мен субсидиялардың шарттары туралы, соңғы техникалар мен технологиялар жөнінде жан-жақты ақпарат береміз. Біздің мақсатымыз – фермерлерді кеңінен ақпараттандыру, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қолдау.
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы Куәлік № KZ64VPY00103152, 10.10.2024
Байланыс
E-mail: agrotrend50@gmail.com
Тел: +7 708 425 62 67