Шілде айында құрғақшылыққа бейім аумақ ұлғаяды. Ылғалдың жетіспеушілігі Қазақстанның 12 облысының аудандарында сезіледі, деп хабарлады Қазгидромет.
Алдын ала есептеулер бойынша шілдеде қалыпты құрғақшылық күтілуде:
• Батыс Қазақстан облысының Жәнібек, Сырым және Қаратөбе аудандарында;
• Атырау облысының Махамбет, Мақат, Исатай және Қызылқоға аудандарында;
• Маңғыстау облысының Бейнеу, Маңғыстау және Қарақия аудандарында;
• Ақтөбе облысының Шалқар және Ойыл аудандарында;
• Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандарында;
• Қарағанды облысының Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандарында;
• Абай облысының Аягөз, Жарма және Үржар аудандарында;
• Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында;
• Ұлытау, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының басым бөлігінде.
Қазақстанның қалған аумағында шілде айында ылғал нормаға жақын болады деп күтілуде.
Сурет: Agrotrend.kz