Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қызығушылық білдірген қытайлық инвестициялық компаниялардың өкілдерімен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Онда Қытай нарығына жоғары сұранысқа ие отандық жылқы тұқымдарын экспорттау мәселесі талқыланды.
«Бүгінгі кездесу – мал шаруашылығы мен жалпы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам. Біздің жылқы тұқымдарымызға деген қызығушылық жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деді вице-министр.
Тараптар ветеринариялық бақылау мен карантинге арналған инфрақұрылымды құру мәселелеріне ерекше назар аударды. Қытайлық инвесторлар Қазақстан аумағында ветеринариялық зертхана ашу ниетін білдірді.
Бұл орталық ауыл шаруашылығы жануарларды елдер арасында тасымалдау кезінде диагностиканы және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен айналысады.
Сонымен қатар, кездесу барысында климаттың өзгеруіне байланысты және мал шаруашылығы үшін сапалы азық рационын қамтамасыз ету қажеттігі аясында өсімдіктерді жем дайындау үшін қарқынды пайдаланудың заманауи әдістері талқыланды.
«Біз Қазақстанды тұрақты ауыл шаруашылығын дамытудағы стратегиялық серіктес ретінде қарастырамыз. Зертханалар мен жем өндірісіне инвестиция салу – бұл біздің ортақ болашаққа қосқан үлесіміз», – деді қытай делегациясының өкілі Ван Чжифэн.
Министрлік агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен елдің экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауға және одан әрі диалогқа дайын екенін растады.
Сурет: Agrotrend.kz