AgroTrend
  • Субсидия
    Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

    Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Trending Tags

    • Кредит
      Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығаратын кәсіпкер

      Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру жалғасуда

      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Шағын несиенің шарпатын көргендер

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Іскер

      Агробизнес бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Trending Tags

      • Техника
        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

        «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

        Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

        Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

        Өз жем-шөбіміз

        Өз жем-шөбіміз

        Аванссыз лизинг

        Аванссыз лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Қазақстанда жасалған!

        Қазақстанда жасалған!

        Экспресс-лизинг

        Экспресс-лизинг

        Trending Tags

        • Сақтандыру
          АШМ еркек тайыншалар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

          Мал мен құсты кез келген уақытта сақтандыруға болады

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Trending Tags

          • Асыл тұқымды төрт түлік
            • All
            • Сиыр тұқымдары
            Голштин сиыр тұқымы

            Голштин сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Trending Tags

              • Сиыр тұқымдары
            No Result
            View All Result
            • Субсидия
              Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

              Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Trending Tags

              • Кредит
                Қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығаратын кәсіпкер

                Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыру жалғасуда

                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Шағын несиенің шарпатын көргендер

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Іскер

                Агробизнес бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Trending Tags

                • Техника
                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасына 200 млрд теңге бөлінді

                  «ҚазАгроҚаржы» жаңа бағдарламасын іске қосты

                  Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

                  Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

                  Өз жем-шөбіміз

                  Өз жем-шөбіміз

                  Аванссыз лизинг

                  Аванссыз лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Қазақстанда жасалған!

                  Қазақстанда жасалған!

                  Экспресс-лизинг

                  Экспресс-лизинг

                  Trending Tags

                  • Сақтандыру
                    АШМ еркек тайыншалар мен тоқтыларды экспорттауға квота лимитін арттырды

                    Мал мен құсты кез келген уақытта сақтандыруға болады

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Trending Tags

                    • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • All
                      • Сиыр тұқымдары
                      Голштин сиыр тұқымы

                      Голштин сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Trending Tags

                        • Сиыр тұқымдары
                      No Result
                      View All Result
                      AgroTrend
                      No Result
                      View All Result

                      Құрманғали Жұмағұлов: саумал терапиясы сан алуан дерттің шипасы

                      Құрманғали Жұмағұлов: саумал терапиясы сан алуан дерттің шипасы
                      Facebook-та бөлісу Telegram-да бөлісу

                      Тұнық су ішіп, шөптің шүйгінін теріп жеген жылқының еті де, сүті де құнарлы. Саумал – сан алуан дертке шипа. Ал қымыздың құрамында ағзаның қорғаныс қабілетін арттыратын В тобы витаминдері бар. Жылқы сүтінде ағзаға керек дәрумен көп екені дәлелдеуді қажет етпейді. Әрі олар өте күшті болады. Өкпе ау­руын жазатын қымыздың ас­қазан-ішек жолдарына, бауыр мен өт қызметіне пайдасы зор. Тері аурулары мен жүйке жү­йесін тыныштандыратын қа­сиеті тағы бар. Бұл – сала ғалымдарының тұжырымы.

                      Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылындағы «Saumal Deluxe» қонақ үйінің қожайыны, «Ақсақал» қымыз брендінің авторы Құрманғали Жұмағұлов саумал терапиясымен айналысатын кәсіпкер. Бие сүтінен қымыз ғана емес, адам денсаулығына пайдалы өзге де өнімдерді шығарады. Астанада өткен «BaiQymyz» гастрофестиваліне келген кәсіпкермен сұхбаттасудың сәті түсіп, әңгімеге тарттық.

                      – Денсаулығын түзегісі келгендердің саумал ішетінін және оның дертке шипа екенін жұрт жақсы біледі. Бірақ арнайы саумал терапиясы барын бұрын естімеппін. Бұл кәсіпке келуіңізге не түрткі болды, сырқат адамды қалай емдейсіздер?

                      – Бұл кәсіпке келуімдегі басты себеп – өзім ауырдым. Қазақстанда емделіп көріп едім, болмады, Қытайдың біраз жеріне бардым. Соңында Тибетке дейін барып, емделдім. Ондағы сұрақ неден ауырдым, не үшін ауырдым? Тибет медицинасы өте мықты. Бірақ ет жемеу керек, ананы-мынаны жеуге болмайды. Тек өздері ұсынған тағамдарды ғана тұтынуға тура келді. Былайша айтқанда шектеу көп, диетаға отырдым. Одан да жазылып кеткенім шамалы. Бір азаматтар «саумал ішіп көріңізші» деген ұсыныс айтты. Содан екі жыл үзіліссіз саумал іштім. Ұзын сөздің қысқасы дертімнің шипасы саумал болды. Әбден жазылған соң осы кәсіпке бет бұрдым. Мен дәрігер емеспін, мамандығым негізі Hoteller. Бес жұлдызды қонақүйде жұмыс істегенмін. Соны тастап, осыдан 9 жыл бұрын базардан 13 бие сатып алдым да саумал терапиясын бастадым. Бұл саланың ашылмаған қыры көп. Шыңына әлі жеткен жоқпыз. Негізі саумалдан емделмейтін дерт жоқ. Қазір интенсивті саумал терапиясын жүзеге асырып жатырмыз. Тамақсыз, тек саумал ішкізіп қана ем жасау тәсілін игердік. Саумал ана сүтімен 98 пайыз сәйкес келеді. Адам ағзасына не керек, соның бәрі осы саумалдың құрамында бар. Алдымен өзімізден бастадық, кейін жан-жағымыздағы туыстарды тарттық. Нәтиже берген соң жалпы жұртқа дәріптей бастадық. Қант диабетін емдеуге болатынына көзіміз жетті. Оған бірақ едәуір уақыт керек. Бауырдан онкологияға шалдыққан бір азамат 50 күн болды осы саумал терапиясымен емделіп жатыр. Қазір өң кіріп, түр-әлпеті жақсы жаққа өзгеріп келеді. Аурудың бәрі адамның келбетінде тұрады екен. Тибетке барғанымызда сол жақтың мықты дәрігерлері адамның түріне қарап-ақ қай жері ауыратынын айнымай айтып беретінін көрдік. Бүйрегі ауыратын адамды да түріне қарап анықтауға болады. Оларға осы интенсивті саумал терапиясы өте қажет. Аяғын сүйретіп әрең келген адамдар бір айда сауығады. Қазір медицина дамыған дейміз ғой. Түрлі озық технологиялар келіп жатыр. Бірақ солардан шипа таппаған қанша адамдар бізге келіп, бір айдың көлемінде емделіп кетіп жатыр. Саумал терапиясы – сан-алуан дерттің шипасы. Биенің сүті қазаққа берген Алланың сыйы. Жер байлығы түбі бір түгесіледі. Ал жылқы, оның дертке шипа сүті мен еті қазақ тұрғанда ешқашан маңызын жоймайды, жоғалмайды. Мұны кластерлі экономикаға айналдыруға болады, медициналық туризм деңгейіне көтеруге мүмкіндігіміз бар. Мысалы, Тибет медицинасы, Израиль медицинасы деген сияқты атаулар бар ғой, сол сияқты Қазақ медицинасы брендін дамытып, танытуымыз керек. Ол үшін тек шамалы қолдау, ғылыми жұмыс және инвестиция болса жеткілікті. Осы бағытта жұмыс істеуіміз қажет. Қалталы азаматтардың құлағына жеткіздім, қызығушылық танытып отырған жігіттер бар.

                      – Қалталы кәсіпкер азаматтар ұсынысыңызды қолдаймыз, осы саланы дамытайық десе тәжірибеңізбен бөлісуге дайынсыз ба?

                      – Иә, ондай азаматтар келді. Қалай істесек болады, неден бастаймыз деген сияқты сұрақтарын да қойды. Мен оларға істеймін деген адамға тегін кеңес беруге дайын екенімді айттым. Мен бастаған кезде әркімнен сұрадым. Біреу айтса, біреу жөнді айта қоймайды. Ырымшыл халықпыз. Біліп тұрса да айтпайтын адамдарды кездестірдім. Қолымыздан кетіп қалады деп ырымдайтын көрінеді. Керісінше білгеніңді бөліссең ол саған екі есе қайтып келмей ме? Соны түсінбейтін жандар бар, өкінішке қарай. Ал менің ойым басқаша. Бұл бағытта кәсіп бастаймын деген азаматтар болса, білгенімді үйретуге, тәжірибеммен бөлісуге дайынмын. Қымызды дайындау тәсілін мен де аса айта қоймаймын. Ол басқа тақырып. Бірақ қымыздан гөрі саумалдың емдік қасиеті әлдеқайда жоғары. Саумал бүкіл ұлттың саулығына кепілдік беретін бірден бір табиғи өнім. Бір адамды емдеп шыққанымыздың өзі үлкен сауап. Сондықтан білгенімізді үйретуден қашпаймыз.

                      – Саумалмен емдеп жатқан пациенттеріңізге арасында қымыздан да беретін шығарсыздар?

                      – Басында бәріне беретін едік. Қымызда сәл қарама-қайшылық бар. Қан қысымы жоғары адамға қымыз бермегеніміз дұрыс. Қымыз қан қысымын көтеріп жібереді. Бауыры ауыратын адамға да бермеген дұрыс. Өйткені қымыз ашыған өнім. Тағы сол сияқты кері әсер етіп кетуі мүмін жағдайлар бар. Қымыз өкпе дертіне шалдыққан адарды емдеуге таптырмас шипа. Саумалды да, қымызды да берсеңіз мұндай адамдарға тез жазылады.

                      – Қанша бие сауып отырсыз?

                      – Қазір екі үйір жылқым бар. Біз жыл он екі ай тоқтатпай сауамыз. Биелеріміздің туатын уақытын да соған орайластырғанбыз. Ерте туғандар суала бастағанда енді туатындарды қыстың ортасына дейін сауамыз, ары қарай тағы туатын биелермен сауымды жалғастыра береміз. Кейбіреулер қыста биеде сүт болмайды деген пікір айтады. Оның бәрі азығына байланысты. Тоғыз жылдан бері биелерімізді қысы-жазы сауып келеміз, бір күн де үзген емеспіз. Бұл жерде сауатын биелерге қандай азық беру керегін де білген абзал. Екіншіден, жылқы аяқты мал, даланы аңсайтын жануар. Сондықтан тек қорада ұстамаймыз. Жайылымға да шығады, қолдан да жем жейді.

                      – Қолмен сауасыздар ма, әлде арнайы аппарат қолданасыздар ма?

                      – Біз қолмен сауамыз. Кейбіреулер тазалық сақтау үшін аппарат дұрыс деген пікір айтып жатады. Ата-бабамыз қолмен сауған. Бие сауар алдында қолыңды жу, биенің желінін де жуып жібер. Жылқы деген өзі малдың ішіндегі ең тазасы. Қарапайым ғана гигиенаны сақтасың болғаны. Қолмен сауғанның бір артықшылығы – биенің желініне күнделікті массаж жасап отырасыз. Және желінін күнделікті байқап, сөзіп жүресіз. Қолмен сауған биеде мастит деген желін ауруы болмайды. Қалай иіп береді, үрпінің каналдары қалай екенін бәрін бақылауға мүмкіндік болады. Ал аппараттан ондай жағдайларды бақылай алмайсыз. Сондықтан тазалық биебаудан басталу керек, бізде бақылау да күшті. Жазда тоғыз рет сауамыз, қыста сауымды қысқартамыз.

                      – «BaiQymyz» гастрофестивалі биыл бірінші рет өткізілді. Оған өзіңіз қатыстыңыз, жалпы пікіріңіз қандай?

                      – Иә, тұңғыш рет өтті. Ұйымдастырған азаматтарға мың алғыс! Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды деген пікірдемін. Бұл өзі көкейімізде жүрген дүние еді. Біз алғаш 17 шілдеде бастағанбыз. Осы күнді саумал күніміз деп атап жүргенбіз. Биыл өзі де сол күнге орай өткізілді. 17 шілдеде саумал күнін ұйымдастырсақ деген арманымыз бар еді. Оған едәуір қаржы керек деп жүрген едік. Ондай мүмкіндік өзімізде болмағанмен, биылғы гастрофестиваль осы күнге дәл келгеніне қуандық. Елу қымыз өндірушінің басы қосылған үлкен іс-шара өтті. Халық көп жиналды әрі мұндай іс-шараға олар да риза. Шарт бойынша 300 литр қымыз таратуымыз керек болды. Халық келіп тегін дәм татты. Халықтың бір рухы көтеріліп қалды деген ойдамын. Тіпті шетелдіктер де келіп, қызықтады.

                      – Саумал терапиясынан бөлек, басқа да саумал өнімдерін шығарады екенсіздер. Нақты не өндіресіздер?

                      – Біз терең өңдеуді қолға алдық. Қаржы осыда. Ол үшін білім мен тәжірибе керек. Біз қазір едәуір білім жинадық, тәжірибені де олжалап келеміз. Саумалдан сабын жасап жатырмыз. Өте танымал болды. Оның да нәтижесі жақсы. Бастан аяққа дейін жууға, жас сәбилерге, әйелдерге қолдануға болады. Спектрі өте кең. Саумалдан құрт жасап жатырмыз. Бірақ оған сиырдың сүтін қосамыз. Өйткені биенің сүті ұйымайды. Таза майлы өнім шығарып келеміз. Осының бәріне ғылыми тұрғыдан келіп жатырмыз. Қарабайыр дүние емес. Соны түсіну керек. Бұл істі бастар алдында академик Төрегелді Шарманов ағамызға барып кеңес алдым. Абай Жанқабылов ағамыздың да ақылын тыңдадым. Аграрлық университеттің, Қазақ ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарымен, С.Асфендияров институтымен жұмыс істейміз. Олармен кеңесе отырып, қандай мөлшерде беру керек және қанша уақыт емдеу керек деген сияқты мәселелер келісіліп жасалған. Табиғи өнім болғандықтан ем алу курсы сәл ұзақ болады. Кемі бір ай емделуге тура келеді. Жылқының құмалағына дейін ем екенін дәлелдеп келеміз. Жылқының қиын спиртке салып, оған жылқының майын қосып, қотыр ауруын емдеп отырмыз. Экзема, дерматит сияқты тері ауруларын емдеп жатырмыз. Нәтиже өте жақсы. Қазіргі адамдарда геморой дерті көп. Ол өзі емделмейтін ауру. Ота жасатқанмен 5-6 жылдан кейін қайта шығады екен. Осыған свеча жасап шығардық. 10-20 жыл қиналып жүрген адамдар келіп, жазылып кетіп жатыр. Бетке, қолға крем жасап жатырмыз. Жылқының таза майынан өнім дайындаймыз. Соңғы шығарып жатқан өніміміздің бірі осы. Бір ай шай қасықпен күніне екі реттен ішіп отырсаңыз ұйқы безін жөнге келтіреді, асқазанды емдейді, бауырды қалпына келтіреді. Бұл адамға үлкен күш беретін өнім. Соңғы зерттеп жатқанымыз – мұздатылған саумал. Мұзадап қатқан саумалды ерітіп, жаңа сауған саумалдың құрамымен, сапасымен салыстырып көрдік. Айырмашылық шамалы ғана. Бәрібір адам ағзасына пайдасы мол екенін анық көруге болады. Осылайша саумалды экспортқа шығарудың тағы бір қырын ашуға талпынып жатырмыз. Сосын, балаларға арналған саумал бар. Осы арқылы отаға кетіп бара жатқан сәбилерді хирургтың пышағынан аман алып қалдық. Гепоксия деген ауру бар екен. Бала тұншыға береді. Жүрегінде тесігі бар нәрестелер. Он күн саумал ішкенде жүрегіндегі тесігі бітелген. Екі айлық қан тышып жатқан баланы 5 күнде емдеп шықтық. Ал әйелдер жүктілікке дейін, жүкті кезінде және баланы туғаннан кейін де саумал ішулері керек. Қазір елімізде 70 мың мүгедек бала бар екен. Неге? Өйткені оларға витамин жетіспейді. Егер анасы саумал ішетін болса, барлық витамин балаға дариды. Сонда дені сау, жетілген бала туады. Осындай іргелі, ұлт саулығына пайдасы зор жобаларды іске асырып жатқан жайымыз бар. Медициналық әрі туристік кластерге айналдыруға болады деп жүргенім осы. Қазір туризмге қатты көңіл бөлініп жатыр. Емделу мен демалуды қатар өткізетін ірі жоба жасауға бастамашы болып жүрмін. Бұл екінші жағынан ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға да зор ықпал ететін жоба.

                      – Уақыт тауып, сұхбат бергеніңізге рахмет!  

                      Қатысты

                      Фермер Берік Суликанов: Еділбайдан артық қой тұқымы жоқ
                      Эксклюзив

                      Фермер Берік Суликанов: Еділбайдан артық қой тұқымы жоқ

                      28.06.2025
                      Кэти Лич: Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы үлкен әлеуетке ие
                      Эксклюзив

                      Кэти Лич: Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы үлкен әлеуетке ие

                      25.06.2025
                      Биотехнолог: қойды қолдан ұрықтандырған дұрыс
                      Эксклюзив

                      Биотехнолог: қойды қолдан ұрықтандырған дұрыс

                      23.06.2025
                      Next Post
                      «Дала күні 2025» көрмесінде құрғақшылыққа төзімді тұқым түрлері таныстырылды

                      «Дала күні 2025» көрмесінде құрғақшылыққа төзімді тұқым түрлері таныстырылды

                      Берік Уәли: өнім өндіріп, халықты жұмыспен қамтыған азаматтарға қолдау көрсетуіміз керек

                      Берік Уәли: өнім өндіріп, халықты жұмыспен қамтыған азаматтарға қолдау көрсетуіміз керек

                      Өзбекстанға 250 қойды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

                      Қостанай облысында 12 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы салынып жатыр

                      Добавить комментарий Отменить ответ

                      Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

                      Ұсыныстар

                      Азық-түлік бағасын қадағалайтын жүйе іске қосылады

                      Азық-түлік бағасын қадағалайтын жүйе іске қосылады

                      2 дня ago
                      Елімізде мал басы артты

                      Елімізде мал басы артты

                      8 месяца ago

                      Indonesia Among Top 10 Destinations For Chinese Tourists In 2017

                      1 год ago
                      Қарағанды облысында ет комбинаты бар бордақылау алаңы салынады

                      Қарағанды облысында ет комбинаты бар бордақылау алаңы салынады

                      4 месяца ago

                      Санаттар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      Agrotrend – бұл аграрлық секторға бағытталған қазақ тіліндегі арнайы платформа. Біз ауыл ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткіземіз. Қолданыстағы кредиттер мен субсидиялардың шарттары туралы, соңғы техникалар мен технологиялар жөнінде жан-жақты ақпарат береміз. Біздің мақсатымыз – фермерлерді кеңінен ақпараттандыру, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қолдау.

                      Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы Куәлік № KZ64VPY00103152, 10.10.2024

                      Байланыс
                      E-mail: agrotrend50@gmail.com
                      Тел: +7 708 425 62 67

                      Соңғы Жаңалықтар

                      • Павлодар облысында жер ресурстарын зерттеу басталды 06.08.2025
                      • Қазақстан енді Иракқа сиыр мен қой экспорттай алады 05.08.2025
                      • Азық-түлік бағасын қадағалайтын жүйе іске қосылады 05.08.2025

                      Рубрикалар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      © 2024 Digital idea

                      No Result
                      View All Result
                      • Жаңалықтар
                      • Кредит
                      • Техника
                      • Субсидия
                      • Сақтандыру

                      © 2024 Digital idea