Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Empire Manufacturing Kazakhstan (EMK) кофе өңдеу зауытын салу үшін 10 млн долларға дейінгі мөлшерде несие береді. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қорғас» арнайы экономикалық аймағынан жаңа зауыт салу жоспарлануда. Жаңа кәсіпорында өндірілетін кофенің 50%-ы Орталық Азия мен Кавказға экспортталмақ.
Жоба жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның тамақ өнеркәсібі секторы үшін жаңа стандарттарды енгізуге көмектеседі.
«Зауыт Қазақстан мен Орталық Азияның тамақ өнеркәсібі үшін қолданылатын технологиялар мен гигиена стандарттары тұрғысынан эталонға айналады», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
EMK — Сингапур биржасында тіркелген азық-түлік пен сусындарды өндіру және тарату жөніндегі халықаралық топтың Food Empire Holdings еншілес ұйымы.
Айта кету керек, Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстандағы 335 жобаға 11 млрд еуродан астам инвестиция салды.