ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде Жапонияның Қазақстандағы Елшілігі мен жапондық «Sojitz Foods Corporation» және «Senko Farm» компанияларының өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Ауыл шаруашлығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Кездесуде Қазақстан жылқыларын Жапонияға экспорттау мәселелері, ветеринариялық-санитариялық бақылау, жылқыларды тірідей экспорттау хаттамасын келісу рәсімдері талқыланды.
Қазақстандық тарап ынтымақтастыққа және экспортқа жан-жақты қолдау көрсетуге мүдделі екенін білдірді. Тараптар жедел ақпарат алмасудың және халықаралық стандарттарды қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық өндірушілерді қолдау және олардың өнімдерінің жаңа экспорттық нарықтарға шығаруға жәрдемдесу тұрғысынан жұмысты белсенді түрде жалғастыруда.
Сурет: Agrotrend.kz