Қазақстан дәстүрлі түрде Орталық Азия елдеріне астық экспорттайды, соның ішінде кезең-кезеңімен үлкен көлемде Қытай да алады. Биыл экспорттың басқа да бағыттары белсенді түрде пысықталуда. Бағалау бойынша, Қазақстан 2024-25 жылдардағы маусымда өз порттары арқылы Каспийге, сондай-ақ Қара теңіз және Балтық порттары арқылы 4 млн тоннаға дейін жөнелте алады. ElDala.kz порталына берген сұхбатында «Астық Транс» АҚ президенті Санжар Елубаев осындай болжамын жеткізді.
Биыл Қазақстан дәнді дақылдардан мол өнімін жинайды.
«Биыл біз Иранға арпа жеткізуге үлкен қызығушылық танытып отырмыз. Өтінімдер бар және менің ойымша, биылғы маусымда осы бағытта белсенді түрде жұмыс жүргіземіз. Ақтау портындағы екі астық терминалы жұмыс істеп жатыр, құрлық бағыты да іске қосылуы мүмкін», — деді Санжар Елубаев.
Ол Ақтау портындағы екі астық терминалы арқылы 150-160 мың тонна жөнелтілетінін атап өтті. Қазіргі қолайлы ауа райы мен терминалдың үздіксіз жұмыс істеуі экспортқа оң ықпал етпек. Негізінен Иран Қазақстаннан арпа сатып алады.
Ресейде, Еуропалық одақта және Украинада өнімділіктің төмен болуы қазақстандық астықты Қара теңіз бен Балтық порттары арқылы Еуропаға экспорттауға мүмкіндік береді.
«Ресей Федерациясы арқылы транзитпен 3,5 млн тонна астық жеткізілді. Соңғы жылдары бұл көлем жылына 1 миллион тоннаға да жетпеді. Егер консервативті түрде қарасақ, биыл 2,5 миллион тоннаға дейін жеткізетініміз анық», — деді Санжар Елубаев.
Сарапшы осы бағыттар бойынша астық жөнелту аз болса да, бұл факт еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға белгілеуге оң әсер ететінін атап өтті.