Қазақстанда жыл басынан бері астық жүктерінің экспорты өсуде, бұл ретте тасымалдаудың жаңа бағыттары игеріліп жатыр. Атап айтқанда, арпа, жасымық және жүгері өнімдерінің тасымалының бірнеше есе артты, деп хабарлады Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
«Қазақстан арпасының экспорты соңғы екі айда сегіз есе өсті. Иран қайтадан импорттай бастады. 10 ай ішінде арпаны экспорттық тасымалдау 710 мың тоннаға жетті (өсім 69%)», — деп хабарлады Ұлттық компания.
Биыл жүгері дәнінің экспорты 1,5 есе өсіп, 117 мың тоннаға жетті. Тәжікстанға тасымалдау 38%-ға, Өзбекстанға тасымалдау 3 еседен астам көлемде өсті. Сонымен қатар, биыл Иранға жүгері тасымалдау жұмысы басталды.
Жасымық экспорты жеті есеге өсіп, 80 мың тоннаға дейін жетті. Ең көп бөлігі Еуропа елдеріне тиесілі, өнімдер Ресей Федерациясының порттары арқылы өтеді.
ҚТЖ мәліметінше, бұршақ тасымалы үш есе өскен. Қазақстаннан Ауғанстанға импорт екі есеге, Өзбекстанға — үш есеге артты.
Күріш өндірушілер Әзірбайжан мен Беларусьтің жаңа нарықтарын игере отырып, экспортты 47%-ға (52 мың тонна) арттырды.
Сурет: ҚТЖ