«ҚазАгроҚаржы» АҚ ақшалай міндеттемелерді уақытылы орындамау нәтижесінде туындаған өсімпұлдарды есептен шығару акциясын жариялады.
Аакция 2024-жылдың 13-желтоқсанына дейін жалғасады. Оған компания клиенттерінің мына санаты қатыса алады:
— Негізгі борыш, сыйақы немесе айыппұл бойынша мерзімі өткен міндеттемелері бар клиенттер, соның ішінде сот шешімімен өндіріп алынған берешек, 2024-жылдың 13-желтоқсанына дейін қарызды толығымен өтеген жағдайда;
— Акция басталғанға дейін мерзімі өткен берешегі болмаған, бірақ акция өткізу кезеңінде міндеттемелерді орындау мерзімін бұзған клиенттер, аталған күнге дейін қарызды толығымен өтеген жағдайда қатыса алады.
Клиенттер акцияға қатысу үшін «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалдарына барып, жазбаша өтініш беру қажет.