«ҚазАгроҚаржы» АҚ отандық зауыттар өндірген немесе құрастырған ауыл шаруашылығы техникасын жылдық 5%-бен сатып алу үшін «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінімдер қосымша қабылданатынын хабарлады.
Компанияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, өтінімдерді қабылдау үшін ҚазАгроҚаржының @KazAgroFinance.bot Telegram Bot-да электрондық кезек болады.
«Клиент Telegram Bot-қа өтінім берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өңірлердегі «ҚазАгроҚаржы» филиалдарының біріне құжаттардың толық пакетін ұсынуы қажет. Филиалдардың байланыстары мен мекенжайлары компанияның www.kaf.kz сайтында көрсетілген», — деп хабарлады компания.
«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы отандық зауыттар өндірген немесе құрастырған ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландыруға бағытталған. Мөлшерлеме жылдық 5%-ды құрайды, лизинг мерзімі – 7 жылға дейін, алғашқы лизингтік төлем – 10%-дан кем болмауы тиіс.
Сурет: agrotrend.kz