Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз төле» акциясы 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін жалғасатынын хабарлады.
Акцияға осы акция кезеңінде берешегі болған және сот шешімі бойынша өндіріп алынуы тиіс берешегі бар Аграрлық несие корпорациясының қарыз алушылары – заңды және жеке тұлғалар қатыса алады. Қатысушылар қарызды өсімпұлсыз өтей алады.
Өсімпұлды есептен шығару қарыз алушы төмендегілерді толық өтеген кезде ғана жүргізіледі:
- мерзімі өткен сыйақы сомасы;
- мерзімі өткен негізгі борыш сомасы;
- айыппұл сомасы.
Әрбір қатысушы акцияны тек бір рет пайдалана алатынын еске саламыз.
Акцияға қатысу үшін 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына қаржы аудару арқылы мерзімі өткен берешекті өтеу қажет.
Клиент 2025-жылдың 26-желтоқсанына дейін Аграрлық несие корпорациясының банктік шоттарына ақша аудару арқылы қарызды өсімпұлсыз өтей алады.
Аграрлық несие корпорациясы қарызыңызды тиімді шарттармен өтеп тастауға көмектеседі!
Толық ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан оқи аласыздар. Сондай-ақ 5353 (Kcell, Activ, Beeline) және +7 775 007 68 07 (Tele2, Altel) Call-орталық нөмірлері бойынша білуге болады.















































