Ақтөбе облысында асыл тұқымды «Ангус» сиырларын тексеру және бағалау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады Ангус республикалық палатасы.
«Біздің мамандар шаруашылықтарды тексеруді және Ангус тұқымын бағалауды жалғастыруда. Жақында біз 2021 жылы палата мүшесі ретінде тіркелген Ақтөбе облысының Алға ауданына қарасты Ерназар ауылындағы «Нұрсая» АӨК асыл тұқымды мал шаруашылығына бардық. Онда жануарлардың генетикалық әлеуетін анықтауға көмектесетін белгілері бойынша өнімділігі мен асыл тұқымды қасиеттерін бағалау процесі жүргізілуде», — деді Ангус республикалық палатасынан.
Айта кетейік, «Нұрсая» АӨК – Ангустың асыл тұқымды репродукторы. Шаруашылық АҚШ пен Канаданың ең жақсы генетикалық желілерін пайдалана отырып, жоғары сапалы асыл тұқымды мал өсірумен және іріктеумен айналысады.
Ангус тұқымы өзінің жоғары генетикалық көрсеткіштерімен танымал. Мысалы:
1. Аналық инстингі күшті;
2. Жеңіл төлдейді;
3. Тез жетіледі, орташа тәуліктік өсімі жоғары;
4. Ыстық және суық ауа райына жақсы бейімделеді.
Сурет: Ангус республикалық палатасынан алынды