Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында қолдау шараларын кеңейтуді тапсырды, деп хабарлады primeminister.kz.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты құрылымында әлі күнге дейін астық пен ет сияқты шикізат түрлері басым екеніне Мемлекет басшысы бірнеше рет назар аударған еді. Олжас Бектенов Үкімет отырысында терең өңделген өнімдерді шығаруға күш салу қажеттігін айтып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен және «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын бизнесті қолдау құралдарын кеңейтуді тапсырды.
Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктері айналым қаражатын несиелеу мерзімін екі жылға дейін ұзарту мәселесін шешуі қажеттігі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің үлесін биыл 70%-ға дейін жеткізу керегі айтылды.
Сурет: primeminister.kz
















































