Түркістан облысының Мақтаарал ауданында өсімдік майын өндіретін зауыт іске қосылды, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Мақтаарал АгроӨнеркәсіп кешені» ЖШС іске асырып жатқан зауыт түріктің технологиялық желілерімен жабдықталған. Кәсіпорын тәулігіне 100-150 тонна майлы дақылды өңдеп, дайын өнім шығарады. Айта кетейік, зауыт құрылысы былтыр басталған, биыл пайдалануға беріліп отыр.
«Мақтаарал ауданы – Түркістан облысының оңтүстігінде орналасқан, ауыл шаруашылығы дамыған өңірлердің бірі. Аудан экономикасында агроөнеркәсіп кешен маңызды орын алады. Жаңа зауыттың іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттырып қана қоймай, жергілікті кәсіпкерліктің дамуына, ауыл тұрғындарының табысын көбейтуге және өңірдің өндірістік әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді», — делінген хабарламада.
Сурет: облыс әкімдігі
















































