СҚО тәжірибесін тираждау бағдарламасы аясында биыл Маңғыстау облысында екі түйе фермасын құрылады. Олар – «Қарағантүбек» ЖШС және «Caspiy Milk» ЖШС. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жобалардың жалпы құны 3,3 млрд теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 4440 тонна өнім шағыруға жетеді.
Маңғыстау облысының АӨК дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес жалпы сомасы 13,7 млрд теңгеге тоғыз жоба жоспарланған, оның ішінде жылыжай салу, түйе сүтін қайта өңдеу жобалары, құс және балық шаруашылығын дамыту.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров аймаққа жұмыс сапары аясында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті. Ол агроөнеркәсіп кешеніне, әсіресе мал шаруашылығы саласына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты жандандырудың маңыздылығын айтты. Соңғы үш жылда аймақта тоғыз жоба іске асырылды, оның ішінде құс өсіру алаңын салу, сою пунктін жаңғырту, жылыжай кешендері мен жеміс қоймаларын құру сияқты жобалар бар.
2024-жылдың қорытындысы бойынша өңірдің ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 40,4 млрд теңгені құрап, 1,9%-ға ұлғайды. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 2,3%-ға өсіп, 34,2 млрд теңгеге жетті.
2025-жылы мал шаруашылығын субсидиялауға 1,3 млрд теңге қарастырылған, оның 1,2 млрд теңгесі жем-шөп сатып алуға жұмсалады. Аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, фермерлер енді төтенше жағдай немесе ауа-райының қолайсыздығына қарамастан субсидия алады. Сондай-ақ, биыл жем-шөп тасымалдауға жеңілдетілген тариф тәжірибесі жалғасады.
Сурет: Agrotrend.kz