Аграрлық несие корпорациясы агроөнеркәсіп кешені саласындағы операторлық сақтандыру қызметтерін көрсету жұмысын жалғастыруда.
15-сәуірде дәнді дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыруға өтінім қабылдау аяқталды.
Майлы дақылдарды сақтандыруға өтінім қабылдау 2025-жылдың 30-сәуіріне дейін жалғасады. Әлі бір аптаға жуық уақыт бар. Сондықтан, майлы дақыл егетін Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының фермерлері егіс алқаптарын сақтандыруға асыққандары дұрыс болады.
Барлық қажетті ақпаратты Kezekte.kz порталынан алуға болады, өтінімді де Kezekte.kz порталынан Qalqan онлайн-сақтандыру сервисі арқылы беруге болады. Ол үшін фермерлерде электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы керек.
Онлайн сақтандыру жүйесінің жеке кабинетінде фермер өз егіс алқабын көрсетіп, сақтандыру компаниясын анықтауы тиіс. Сақтандыру шартын жасасып, сақтандыру сомасының 20% мөлшерінде сақтандыру сыйақысының бір бөлігін төлеуі қажет. Ал сақтандыру сыйақысы сомасының қалған 80%-ын оператор сақтандырушының өтінімі бойынша субсидия ретінде төлейтін болады.
2020 жылдан бастап Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сақтандыру ерікті негізде жүзеге асырылып келеді. Бұл дәнді, бұршақты және майлы дақылдарға арналған өсімдік шаруашылығындағы индекстік сақтандыру өнімдері топырақтағы ылғалдың жетіспеушілігі мен артық болуына негізделген тәуекелдерді қамтиды. Шарттағы агроөнеркәсіп кешенін сақтандыру – бұл егіншілік саласындағы тәуекелдер. Соңғы жылдардағы құрғақшылық пен егін жинау кезеңінде шамадан тыс жауған жаңбырдың салдарынан сақтандыру фермерлердің мүлігін қорғауды талап ететін құралға айналды. Сақтандыру – агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттырады.
Сақтандыру бағдарламасының операторы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес компаниясы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.
Сурет: Agrotrend.kz