«ҚазАгроҚаржы» АҚ шаруа қожалықтары қызметінің бағытына сәйкес келетін техникаларды лизингке берудің түрлі қаржыландыру бағдарламаларын ұсынады.
«Жеңілдетілген лизинг»
Қазақстанда өндірілген немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасы.
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 5%, мерзімі — 7 жылға дейін, аванс – кемінде 10%. Бірінші лизингтік төлемді қаржыландыру шарты жасалған күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде, бірақ қаржыландыру жылынан кейінгі жылды қоса алғанда 1 сәуірден кешіктірмей төлеу керек.
«Жеңілдетілген лизинг»
Қазақстанда өндірілген немесе құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасы.
Жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 6%, мерзімі — 10 жылға дейін, аванс — 0%.
«Өз жем-шөбіміз»
А/ш техникасы, жем-шөп дайындау техникасы және мобильді суару жүйелерін сатып алуға болады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 6%, мерзімі — 10 жылға дейін, аванс кемінде 15%. Аванс инвестсубсидия есебінен төленеді.
«Қазақстанда жасалған»
Қазақстанда өндірілген немесе құрастырылған аспалы, тіркемелі және өздігінен жүретін а/ш техникасы. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 6%, мерзімі -10 жылға дейін, аванс кемінде 15%. Аванс инвестсубсидия есебінен төленеді.
«Агролизинг»
А/ш техникасы (аспалы, тіркемелі, өздігінен жүретін а/ш техникасы), мелиорациялық және ауыл шаруашылығы жұмыстарына арналған арнайы техника, а/ш мен балық өнімдерін және олардың қайта өңделген өнімдерін, биологиялық активтерді тасымалдауға арналған (соның ішінде тартқыштар мен тіркемелерді қосқанда) көлік құралдары, агродрондар, мобильді суару жүйелері, астық кептіргіштер. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 6%, мерзімі — 10 жылға дейін, аванс кемінде 15%. Аванс инвестсубсидия есебінен төленеді.
Сурет: Agrotrend.kz
















































