Алматы облысында көкөніс пен жемістерді терең өңдеуге арналған заманауи зауыт салу бойынша жаңа инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Жобаның бастамашысы – қазақстандық «Qazaq Global Food JV» ЖШС.
Жоба аясында көкөніс пен жемістерді өңдеу саласындағы Түркияның ең ірі компанияларының бірі — Göknur Gıda компаниясымен Off-take келісімшарты жасалды. Серіктес кәсіпорынның алма шырыны концентратын және басқа да өнімдерін экспорттау бойынша стратегиялық оператор қызметін атқарады. Бұл келісім қазақстандық өнімнің шетел нарықтарына шығуына кең мүмкіндіктер ашады.
Жаңа зауыт бәсекеге қабілетті нарықтың қалыптасуына, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ел ішінде жоғары қосылған құнға ие өнім өндіруге ықпал етеді.
Жобаның жалпы құны – 9,5 млрд теңге.
Сурет: АШМ