Алматы облысының Жер ресурстарын басқару департаменті Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп жүргізген мониторинг барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің ұзақ уақыт пайдаланылмағаны анықталды.
Көлемі 3000 гектар жер учаскесі Балқаш ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде шаруа қожалығын жүргізу үшін 10 жыл мерзімге уақытша өтеулі пайдалануға берілген болатын.
Балқаш ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 05 тамыздағы қаулысымен бұрынғы қаулының күші жойылып, жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.