«ҚазАгроҚаржы» АҚ аграрлық сектор субъектілеріне арналған үш түрлі лизингтік бағдарлама бойынша техника мен жабдықтарды тиімді шарттармен ұсынады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
1. «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы
• Жылдық мөлшерлеме: 5%
• Алғашқы жарна: 10%-дан бастап
• Мерзімі: 7 жылға дейін
• Артықшылығы: Бірінші лизингтік төлемді техниканы алғаннан кейін, қаржыландыру шарты жасалған күннен бастап 12 ай ішінде төлеуге мүмкіндік бар. Бірақ келесі жылдың жылдың 1-сәуірінен кешіктірмеу керек.
2. «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы
• Жылдық мөлшерлеме: 6%
• Алғашқы жарна: 15%-дан бастап
• Мерзімі: 10 жылға дейін
• Артықшылығы: отандық ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу мүмкіндігі.
3. «Агролизинг» бағдарламасы
• Жылдық мөлшерлеме: 12,6%
• Алғашқы жарна: 15%-дан басталады
• Мерзімі: 10 жылға дейін.
Бұл бағдарламалар шаруашылықтардың дамуына, техника паркін жаңартуға және өнімділікті арттыруға бағытталған.
📍 Онлайн өтінім беру: www.kaf.kz
Сурет: Agrotrend.kz














































