AgroTrend
  • Субсидия
    Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

    Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

    Trending Tags

    • Кредит
      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      «Ауыл аманаты» бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Іскер

      Агробизнес бағдарламасы

      Агробизнес бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Кең дала 2 бағдарламасы

      Trending Tags

      • Техника
        Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

        Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

        Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

        Өз жем-шөбіміз

        Өз жем-шөбіміз

        Аванссыз лизинг

        Аванссыз лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Жеңілдетілген лизинг

        Қазақстанда жасалған!

        Қазақстанда жасалған!

        Экспресс-лизинг

        Экспресс-лизинг

        Мастер-лизинг

        Мастер-лизинг

        Trending Tags

        • Сақтандыру
          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Күздік дақылдарды сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Мал шаруашылығын сақтандыру

          Trending Tags

          • Асыл тұқымды төрт түлік
            • All
            • Сиыр тұқымдары
            Голштин сиыр тұқымы

            Голштин сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Симментал сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Әулиекөл сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Ангус сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Герефорд сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қалмақ сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

            Trending Tags

              • Сиыр тұқымдары
            No Result
            View All Result
            • Субсидия
              Су үнемдеу технологияларын қолдану оң нәтиже берді

              Су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау 80%-ға артты

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Жылқы шаруашылығын дамыту субсидиясына өзгерістер енгізілді

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Субсидия өтінішінің жартысына жуығы мақұлданбаған

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Агроөнеркәсіп кешеніндегі субсидия түрлері

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы аграрлық секторды қолдау: фермерлерге арналған субсидиялар

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Қазақстандағы субсидиялар: Ауыл шаруашылығын қолдау

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Өсімдік шаруашылығымен айналысуға арналған субсидиялар нұсқа

              Trending Tags

              • Кредит
                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                Анас Баққожаев: тауарлық несиені іске асырудың үш тетігі бар

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                «Ауыл аманаты» бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Іскер

                Агробизнес бағдарламасы

                Агробизнес бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Кең дала 2 бағдарламасы

                Trending Tags

                • Техника
                  Неміс тракторларын елімізде құрастыру мәселесі қаралды

                  Лизингке берілетін техникаларға өтінім қалдау басталады

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  Жеңілдетілген лизингке 200 млрд теңге бөлінеді

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша өтінім қабылданады

                  Ауыл шаруашылығы техникасын тіркеу арнайы ХҚКО-ларға беріледі

                  Өз жем-шөбіміз

                  Өз жем-шөбіміз

                  Аванссыз лизинг

                  Аванссыз лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Жеңілдетілген лизинг

                  Қазақстанда жасалған!

                  Қазақстанда жасалған!

                  Экспресс-лизинг

                  Экспресс-лизинг

                  Мастер-лизинг

                  Мастер-лизинг

                  Trending Tags

                  • Сақтандыру
                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Егіс алқаптарын артық ылғалдан сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Алма бақтарын ON-LINE сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Күздік дақылдарды сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Мал шаруашылығын сақтандыру

                    Trending Tags

                    • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • All
                      • Сиыр тұқымдары
                      Голштин сиыр тұқымы

                      Голштин сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Симментал сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Әулиекөл сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Ангус сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Герефорд сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қалмақ сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Қазақтың ақбас сиыр тұқымы

                      Trending Tags

                        • Сиыр тұқымдары
                      No Result
                      View All Result
                      AgroTrend
                      No Result
                      View All Result

                      Еңбек адамын ескерген елдің ертеңі жарқын

                      Еңбек адамын ескерген елдің ертеңі жарқын
                      Facebook-та бөлісу Telegram-да бөлісу

                              Еңбек…  Қазаққа етене, қалыпты ұғым болғанымен дәл осы сөздің мәні бөлек. Еңбек — елдің де, ердің де атын шығаратын, болашақтың іргетасын қалайтын құндылық. Бәлкім содан да шығар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбектің қадірін арттыруды ұдайы айтып келеді.

                      Президент өзінің халыққа арнаған жолдауларында қарапайым жұмысшылардың еңбегін бағалауға шақырып, оларға құрмет көрсетудің үлгісін ұсынып келеді.  Мысалы, 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан халқына жолдауында қарапайым еңбек адамдарын бір қанаттандырғаны бар.

                      –  «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуы тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн. Еңбек адамы бүгінде жастарға үлгі болуы тиіс. Қоғам адал еңбек етіп, ел дамуына, экономиканың өсуіне үлесін қосып жүрген жандарды білуі қажет»,- деген еді Президент.

                      Ал былтырғы  жолдауында Мемлекет басшысы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялайтынын айтқан еді.

                      «Мен 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялаймын. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау қажет. Сондай-ақ біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

                      Кейін арнайы Жарлыққа қол қойып, Үкіметке «Жұмысшы мамандықтар» жылын атап өту үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

                      Президенттің қарапайым еңбек адамын елеуі, жұмысшы мамандарды насихаттауы, көпке үлгі етуі, еңбектерін жоғары бағалауы, оларға кұрмет көрсету керектігі жөнінде тапсырма беруі талай жұмысшының талабын ұштады.

                      Ауыл шаруашылығы алда келе жатқан сала

                             Еңбек адамы дегенде ат үстінен түспей мал бағатын, қора-қора қойын өргізіп, табын-табын сиырын түгендеп, үйір-үйір жылқысын қайыратын, көктем шыға егін егіп, күзде қамбасын астыққа, қоймасын азыққа толтырумен айналысып жүрген ауыл шаруашылығы саласының адамдары еске түседі. Мереке, демалыс дегенді ұмытқан шаруалардың еңбегі ақталғанын көргенде қуанамыз, табиғи құбылыстарға немесе басқа да жағдайлармен жоспарлаған өнімін ала алмай қалып жатса солармен бірге мұңаямыз. Өйткені маңдай терін төгіп, табан етін сөгіп, адал еңбекпен табыс тауып жүрген жандардың елге сіңіретін еңбектері ұшан-теңіз. Күннің ыстығына күйіп, суығына тоңатын да солар. Сөйте жүріп бұқараның азығын даярлайды, ел экономикасына елеулі үлес қосады. Өткен жылға сәл шегініс жасап, ауыл шаруашылығы саласының көрсеткіштеріне көз жүгіртіп көрейік. 2024 жыл Қазақстанның ауыл шаруашылығы үшін олжалы жыл болды. Диқандар дәнді дақылдар жинаудан рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Нәтижесінде аталған сала ел экономикасында мұнай мен өнеркәсіп және басқа да бағыттарды артқа тастап, көш бастады.

                      Мәселен, диқандар 2024 жылы 26,7 млн тонна астықты қамбаға құйды. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерден асқан. Бұл көрсеткіш 2023 жылы гектарына 10 центнерден ғана болған еді. Одан бөлек 3 млн тоннадан астам майлы дақыл, 2,9 млн тонна картоп, 563 мың тонна күріш, 4 млн тоннаға жуық көкөніс және 2,5 млн тоннадан астам бақша дақылдары жиналған. Бір сөзбен айтқанда, 2024 жылы өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемі 21,1 пайызға ұлғайған. Бұл ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 13,7 пайызға өсуіне ықпал етіп, кіріс 8,3 трлн теңгеге жеткен. Сонымен қатар  2014 жылы техникаларды жаңарту деңгейі 2 пайыз болса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 5,5 пайызға жеткен. Яғни, шаруалар өткен жылы 22 мың заманауи техника сатып алған. Бұл жерде мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қаржылық қолдауларды айта кеткен жөн.

                      Ресми статистикалық дерек бойынша, ел халқының 38 пайызы ауылда тұрады. Нақты айтқанда 6 256 ауылдық елді мекенде 7,6 млн адам өмір сүріп жатыр. Елімізде ауыл шаруашылығы саласымен айналысатын азаматтардың, заңды тұлғалардың саны жыл сайын артып келеді. Бүгінгі таңда нақты жұмыс істеп жатқан 256 мыңнан астам шаруа қожалығы бар. Бұлардан бөлек жеке-қосалқы шаруашылықтар, аграрлық саланың басқа да бағыттарын қамтитын кәсіпорындар дамып келеді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде 1,1 млн адамды жұмыспен қамтамасыз ететін 300 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бар екенін айтқан еді.  Ол отбасылық коэффициентін ескере отырып, салада жұмыс істейтін әрбір маман орта есеппен үш адамды табыспен қамтамасыз ететініне тоқталды. Осылайша, ауыл шаруашылығы 4 млн адамның қаржылық әл-ауқатын жақсартуға тікелей ықпал ететінін жеткізді.

                      Осы орайда еліміздегі мал санына да көз жүгіртуге болады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің берген мәліметі бойынша, Қазақстанда 8 миллионға тарта ірі қара, 20 миллионның үстінде ұсақ мал, 5 миллионға жуық жылқы, 280 мыңнан астам түйе, 45 650 мың құс бар екен. Бұл көрсеткіштердің артында нағыз еңбек адамдарының маңдай тері бар.

                      Қазақстан қазба байлыққа ғана иек артпай, аграрлық саланы дамыту арқылы мол табысқа кенеле алатын ел екенін дәлелдейтін деректерді келтірдік. Аянбай еңбек етіп, талмай тер төгіп жүрген азаматтардың әрқайсысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мол олжа салып келеді.

                       Мал баққанға бітеді

                           Өмірін жанына жақын ісімен өріп, табан аудармай бір мамандық арқылы отбасын асырап келе жатқан жанкешті еңбекқор жандар қаншама?! Солардың бірі – Абай облысының Аякөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылының Қарасу қыстағындағы Ардақ Құлбеков. Ардақтың әкесі Абыла Құлбеков – өмір бойы қой баққан өңірге белгілі шопан. Қазір зейнетте. Оның тұңғышы Ардақ әскерден келгеннен кейін әкесіне көмектесе жүріп, атакәсіпті жалғастырып әкеткен еңбекқор жан. Тоқсаныншы жылдары совхоз тарағаннан кейін сол Қарасу қыстағында «Үміт» шаруа қожалығын ашқан Ардақ Абылаұлы жан-жары Қамар екеуі 30 жылдан астам уақыт қойын қоздатып, шаруашылығын ширатып отыр. Мал бағудың қыр-сырын әбден меңгерген жігіт ағасы бүгінде Бөрілі тауының бөктеріне төрт түлігін қатар өргізген төңірегіне сыйлы азамат.

                      – «Көзімізді ашқаннан атқа мініп, әкемізге еріп жүрдік, қой шаруашылығына әбден қанықтық. Мал бағу айтар ауызға оңай шығар, бірақ қиындықтары жетіп артылады, табанды еңбекті қажет етеді. Қой бағу үшін де білім мен тәжірибе, темірдей төзім керек. Ең бастысы – малды қыстан аман-есен алып шығу, көктемде төлдету, ауру-сырқауларын емдеу, жоғалтып алмау үшін қырағылықпен бақылап жүру деген сияқты өз қиындықтары бар. Таулы жерде жайлағандықтан «жиендік» жасап тұратын «ит-құс» тағы бар. Оның атын атамаймыз. Дала қағидасы сондай. Кейде «Алланың серісі» деп те қоямыз. Қандай жыртқыш аң туралы айтып отырғанымды өзіңіз де сезген шығарсыз. Осы күйбең тірлікпен жүріп, демалыс дегенді ұмытып кетеміз. Қаладағылар сияқты мереке күндері қыдырмаймыз немесе арқаны кеңге салып үйде жата алмаймыз. Еңбек демалысы деген мүлде болмайды. Мал шаруашылығы жыл он екі ай еңбек етуді талап етеді. Жазда қыстың қамына кірісеміз. Сөйтіп жүргенде уақыт та сырғып өте береді екен. Аллаға шүкір, осы кәсіптің арқасында бауырлар мен балаларды жеткіздік, өзіміз де жетілдік. Алдымыздағы айдап жүрген малымызды игілігімізге жаратып келеміз, тұрмысымызды тұралатқан тұсымыз болған жоқ», – дейді «Үміт» шаруа қожалығының басшысы Ардақ Абылаұлы.

                      Иә, мал баққанға бітеді. Бейнеті де аз емес. Малдың етін жеген, сүтін ішкен ғана жеңіл шығар. Оның арғы жағында қыруар еңбек, қиыншылыққа төтеп беретін темірдей төзім мен тегеурінді табандылық жатыр. Осындай атакәсіпке адал азаматтардың еңбегі ақталса дейміз. Өңір басшылары әкімшілік тарапынан мүмкіндігінше қолдау көрсетіп отырса тіпті жақсы болар еді. Мал санын көбейтуге және тұқымын асылдандыруға жеңілдетілген несие, тозған техникасын жаңарту үшін жеңілдетілген лизингтік бағдарламамен трактор, мал азығын жинайтын агрегаттар сатып алу қолжетімді бола түссе дейміз. Мысалы, малшының қыруар құжат жинау үшін қаламен екі ортада тентіреуге мүмкіндігі де, уақыты да болмайды.        Жергілікті әкімшілік қаржы институттарымен тығыз жұмыс істеп, шаруалардың жұмысын жеңілдетсе деген тілек бар. Айталық, облыс әкімдіктерінің жанында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бар, жеңілдетілген несие беретін Аграрлық несие корпорациясы және лизингпен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға қаржы беретін ҚазАгроҚаржы сияқты республиканы қамтып жатқан ірі мекемелер бар. Бұл қаржы институттарының негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржылай қолдау. Мәселен, Қарасудағы Ардаққа да жеңілдетілген несие, жаңа техника қажет. Бірақ ол малын сатып, өз қаржысына алып жүр. Ешкімге иек артпай, біреуге тәуелді болмай, қарызданбай-ақ ақырындап болсын малының басын өсіруге күш салып келеді. Ардақ сияқты табанды малшыларды марапаттап, еңбектерін елеп қойса да артық етпес еді.

                       Механизатор – қат маман

                            Келесі кейіпкеріміз Ақмола облысындағы «Камышенко» ЖШС-де еңбек ететін білікті маман, механизатор Леонид Попко. Ол 8 сыныпты бітіргеннен бері ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеп келеді. Еңбек жолын дәнекерлеуші, техника жөндеуші сияқты қарапайым жұмыстардан бастаған. Техникалық училищені бітіргеннен кейін үйленіп, өзі тұрған ауылдан Камышенко ауылына жұмыс бабымен көшіп келген. Содан бері осында тұрады. 51 жастағы Леонид – қолы алтын мықты механизатор. Тіпті өзі ешкімде жоқ трактор құрап алған.  Сәті түсіп, шаруашылықта трактор тізгіндеп жүрген қарапайым еңбек адамын жұмыс арасында әңгімеге тартқан едік. Оның айтуынша, қазір механизаторлардың көбі елуді еңсерген, алпысты алқымдап қалған азаматтар. Жастар өте аз.

                      – «Жастардың бәрі қалаға қашады. Ары кетсе бір ай жұмыс істеп көреді. Келесі айда кетіп жатады. Ауылда жастар қалмады. Бәрі қалаға барып күзетте жұмыс істейді, кейбіреуі такси қызметіне барады. Әйтеу таза, жеңіл жұмысқа кетуге асығады. Келген жастарға білетінімізді үйретуге тырысамыз. Бірақ көбі техникаға аса жолағылары келмейді», – дейді аға механизатор.

                      Айтса айтқандай, шынымен қазір жастар ауыл шаруашылығы саласына барғылары келмейді. Нағыз адал еңбек ауылда екенін әлі де түсінбей жүрген жастар көп. Әрине, мүлдем жоқ деуге келмес. Дегенмен, жалпы бүгінгі көрініс осындай. Ал біздің кейіпкеріміз Леонид ауылдағы жұмыстың еш ауырлығы жоқ дейді.

                      – «Тракторшы болу аса қиын, ауыр жұмыс деп айта алмаймын. Техниканың тілін меңгеріп алсаң болғаны. Оған сәл зейін қойсаң жетеді. Айдалада жалғыз жүрген жоқсың, қасыңда ұжымдастарың, әріптестерің бар. Трактор бұзылып қалса жабылып көмектесе кетеді. Өзіме қаланың қарбалас тірлігіне қарағанда ауылда жұмыс істеген ұнайды. Еңбегің адал, өзің білетін жұмыс. Қалаға өз басым шыдай алмаймын. Тіпті басшымыз демалыс берген күндері үйге сыймай кетемін.  Егер маған екінші рет өмір берсе де тракторшы болар едім, техникадан алыс кетпейтінім анық. Өйткені техника жаныма жақын. Тракторым бұзылса өзім жөндей беремін, бұзылмаса да майлап, келесі жұмыс күніне сайлап қоямын. Ауылдық жер үшін еңбекақымыз өте жақсы. Отбасымызды асырауға, еркін өмір сүруімізге жетеді», — дейді механизатор Леонид Попко.

                      Бұл кейіпкеріміз ауылдағы ірі шаруа қожалығында еңбекақыға жұмыс істеп жүргенімен, қорасында өзіне жететін азын-аулақ малы мен құсы бар. Сиырын сауып, сүтінен қаймақ, май айырады, тауықтарының еті мен жұмыртқасын азық етеді. Бақшасына картобы мен сәбізін, қияры мен қызанағын егеді. Бір сөзбен айтқанда, ауылдың саф ауасымен тыныстап, экологиялық таза азықпен ауқаттанады. Ең бастысы – адал еңбегімен абыройлы, қарны тоқ, көйлегі көк.

                      Құнды еңбек құрметке лайық

                              Қандай сала болса да адал еңбекпен нан тапқанға жетері жоқ. Тақырыбымызға арқау болған екі кейіпкеріміздің де айтқан ойы осыған саяды. Еңбек бәрін жеңбек. Бала күнімізден осы қағиданы үлкендердің аузынан жиі естіп келеміз. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайтынын есейе келе жақсы түсіндік. Яғни ерінбей адал еңбек еткен адам ғана ұлы жетістіктерге жететінін білдік. Жоқ дегенде өз отбасын ешкімнен кем қылмай асырай алады, біреудің көмегіне аса мұқтаж болмай өмір сүреді. Бірлігі бекем, экономикасы еселенген, әлеуметінің әл-ауқаты артқан ел болуымыз үшін қарапайым жұмысшыларға, еңбек адамдарына деген құрметіміз әрқашан жоғары болғаны абзал. Әсіресе еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ауыл шаруашылығы саласындағы азаматтардың еңбектері ерен.  Жұмысшы мамандарды, ауыл еңбеккерлерін рухани һәм материалдық тұрғыдан демеп отырса, ел ертеңіне деген сенім де ұлғая түсері һақ. Дана халқымызда «Көңілден көңіл су ішеді» деген керемет асыл сөз бар. Өз ісін адал істеп жүрген нағыз еңбек адамына шын көңілден асқан құрмет жоқ шығар, сірә. Еңбек адамын ескерген елдің ертеңі жарқын болары ақиқат.

                      Мақала авторы Қанат Тұрар

                      Қатысты

                      Тамирлан Талғатұлы: балды экспортқа шығаратын деңгейге жеткізуім керек
                      Эксклюзив

                      Тамирлан Талғатұлы: балды экспортқа шығаратын деңгейге жеткізуім керек

                      16.05.2025
                      Жануарларды кененің кесапатынан арылтудың тәсілдері
                      Кеңестер

                      Жануарларды кененің кесапатынан арылтудың тәсілдері

                      23.04.2025
                      «Байсары» асыл тұқымды қойы көрмеде ел назарына ұсынылды
                      Жаңалықтар

                      «Байсары» асыл тұқымды қойы көрмеде ел назарына ұсынылды

                      08.04.2025

                      Добавить комментарий Отменить ответ

                      Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

                      Ұсыныстар

                      Келесі жылғы егін егу мен жиын-терімге 900 млрд теңге бөлінеді

                      Келесі жылғы егін егу мен жиын-терімге 900 млрд теңге бөлінеді

                      8 месяца ago
                      Павлодар облысында суармалы алқаптардың көлемі кеңейеді

                      Павлодар облысында суармалы алқаптардың көлемі кеңейеді

                      8 месяца ago
                      Ақтөбе облысында егін жинау науқаны аяқталды

                      Соңғы екі айда 2,2 миллион тоннадан астам астық жөнелтілді

                      7 месяца ago

                      A Digital Media Startup Growing Up With Millennial Women

                      12 месяца ago

                      Санаттар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      Agrotrend – бұл аграрлық секторға бағытталған қазақ тіліндегі арнайы платформа. Біз ауыл ауыл шаруашылығы саласындағы соңғы жаңалықтарды жеткіземіз. Қолданыстағы кредиттер мен субсидиялардың шарттары туралы, соңғы техникалар мен технологиялар жөнінде жан-жақты ақпарат береміз. Біздің мақсатымыз – фермерлерді кеңінен ақпараттандыру, сол арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді барынша қолдау.

                      Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы Куәлік № KZ64VPY00103152, 10.10.2024

                      Байланыс
                      E-mail: agrotrend50@gmail.com
                      Тел: +7 708 425 62 67

                      Соңғы Жаңалықтар

                      • Еңбек адамын ескерген елдің ертеңі жарқын 05.06.2025
                      • Ғалымдар жасымықтың жаңа түрін сынақтан өткізіп жатыр 05.06.2025
                      • СҚО-да 8 мың бас ірі қараға арналған кешеннің құрылысы жүріп жатыр 05.06.2025

                      Рубрикалар

                      • Асыл тұқымды төрт түлік
                      • Әлемде
                      • Жаңалықтар
                      • Кеңестер
                      • Кредит
                      • Мал шаруашылығы
                      • Сақтандыру
                      • Санатсыз
                      • Сиыр тұқымдары
                      • Субсидия
                      • Техника
                      • Эксклюзив

                      © 2024 Digital idea

                      No Result
                      View All Result
                      • Жаңалықтар
                      • Кредит
                      • Техника
                      • Субсидия
                      • Сақтандыру

                      © 2024 Digital idea