Егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі күнге дейін 4,6 млн гектар дәнді дақылдар жиналды. Бұл жалпы егіс алқабының 28,5 пайызы. Жиналған астық көлемі 6,5 млн тонна. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 131 мың тонна майлы дақыл, 778,1 мың тонна картоп (өнімділігі 238,6 ц/га), 2 млн тоннадан астам көкөніс (өнімділігі 290,3 ц/га), 2,1 млн тонна бақша дақылдарын (өнімділігі 274,7 ц/га) жинады.
Сонымен қатар 347,4 мың тонна қырыққабат (өнімділігі 370,2 ц/га), 418 мың тонна пияз (өнімділігі 396,5 ц/га), 129,3 мың тонна сәбіз (өнімділігі 311,3 ц/га) жиналды.
Сурет: Agrotrend.kz