Аграрлық несие корпорациясы өсімдік шаруашылығын сақтандыру маусымы басталғаны туралы хабарлады.
«Жерді цифрландыру және ауыспалы егісті толтыру – егінді сақтандыру маусымына дайындықтың негізгі кезеңі. Дақылдарды сақтандырудың жаңа маусымы қарсаңында жерлерді цифрландыру және ауыспалы егістерді толтыру бойынша алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу ұсынылады, бұл топырақтағы ылғал тапшылығы мен артық ылғалдан сақтандырудың міндетті шарты», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, егіс алқаптарын сақтандыру тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді. Мәселен, еккен егінді жазда құрғақшылық болса ылғал жетіспеушілігінен және күзгі қалың жаңбыр болса шамадан тыс ылғалдың салдарынан сақтандыруға болады.