Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшылығымен, сондай-ақ холдинг құрамына кіретін қаржы институттарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесуде 2025-жылдың көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын ерте қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауға қатысты мәселелерге назар аударылды.
Президенттің тапсырмасын орындау аясында осы мақсаттқа 700 млрд теңгеге жуық қаржы қарастыру жоспарланған, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады.
2024-жылдың 29-қарашасынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдік несиесін бере бастады. Қазіргі уақытта жалпы сомасы 205,1 млрд теңге болатын 1364 фермерден түскен өтінім пулы жасақталды. Оның ішіндегі 195,5 млрд теңге болатын 1253 фермердің өтінімі жұмысқа алынды. 907 фермерге 125,6 млрд теңге берілген.
Кездесу барысында ынтымақтастықты кеңейту, жеңілдетілген несие беру бағыттары, аграрлық секторға инвестициялар тарту, агроөнеркәсіп кешенінің басым бағыттары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қаржысына іске асырылатын жобалар, қаржыландырудың жаңа тетіктері және 2025-жылға арналған жоспарлар қаралды.
Сурет: ашық ақпарат көзінен