Қостанай облысында 7000 бас «Еділбай» қой тұқымына арналған жаңа мал шаруашылығы кешені іске қосылады, деп хабарлады АШМ баспасөз қызметі.
«АВ Agro-KZ» компаниясы 7000 бас қой өсірілетін мал шаруашылығы кешенін құру жобасын іске асыруда.
Құны шамамен 500 млн теңге болатын жобаның негізгі бағыты – мал шаруашылығындағы генетикалық әлеуетті жақсартуға ықпал ететін Еділбай асыл тұқымды қойларын өсіру.
Қазіргі уақытта 3 800 гектар жайылымдық жер бөлінді. Жобаның бизнес-жоспары, ұсақ малды ұстауға арналған австралиялық технология бойынша қора-жайлар салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Асыл тұқымды қой жеткізушілермен алдын ала келісімдерге қол жеткізілді. Кешенді 2025-жылдың желтоқсан айында іске қосу жоспарланған.
Сурет edilbay.kz