Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін үлгі ретінде барлық аймақта іске асыру жөніндегі бағдарлама аясында 2024-жылдың соңына дейін қуаттылығы жылына 300 мың тонна сүт болатын 65 жоба пайдалануға беріледі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, 2024-2025 жылдардағы қыстау кезеңіне 50,2 млн тонна жем дайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2023-жылдан бастап СҚО-ның тауарлы сүт фермаларын салуды жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету тәжірибесін тарату мақсатында Үлкен жоба жүзеге асуда. Бірінші траншқа 100 млрд теңге бөлінді, несие жылдық 2,5% мөлшерлемемен беріледі.
Жалпы, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 2024-жылдың 10 айында 829,8 млрд теңгені құрады, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығына — 694,7 млрд теңге, азық-түлік өнімдеріне — 135,1 млрд теңге.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 13,4%-ға ұлғайып, 7,8 трлн теңгені құрады. 11 айда азық-түлік өндірісі 2,1%-ға артып, 3 трлн теңгеге жетті.
Сурет: agrotrend.kz