Үкімет көктемгі егіс науқанына бөлінетін қаржы көлемін арттырды. Сондай-ақ, шегірткемен күреске қанша қаржы бөлінгені де белгілі болды. Сенатта өткен брифингте ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин журналистердің сұрақтарына жауап беріді.
«Былтырғы проблемаларды есепке алдық, 7 млрд теңге қаражат дайын. Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Былтырғыдай жағдай болмайды, химиялық реагенттер сатып алынды, техника дайын. Сонымен қатар, көктемгі далалық жұмыстарға бөлінетін қаржы көлемі артты. Өткен жылы осы мақсатқа 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге. Көктемге дейін өткен жылғы 195 млрд теңге көлеміндегі қарыздарды жабу мүмкіндігі болады деген болжам бар», — деді Серік Жұманғарин.
Сурет: Agrotrend.kz