Биыл Қостанай облысында жазғы егіс жұмыстары 5,1 млн гектардан астам алқапта жүргізіледі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 4 млн гектардан астам жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар себіледі. Оның ішінде бидай алқабы шамамен 3,36 млн гектар.
Майлы дақылдар егістігі 13 мың гектарға ұлғайтылып, 887 мың гектарға жеткізіледі.
Әлеуметтік маңызы бар дақылдар бойынша:
- қарақұмық – 17,1 мың гектар,
- картоп – 7,5 мың гектар,
- өзге көкөністер – 510 гектар көлемінде егіледі.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, көктемгі егіске дайындық жұмыстары толық аяқталған.
Айта кетейік, 2025-жылы облыстың жалпы егіс алқабы 5 млн 112 мың гектарды құраған. Оның ішінде 4,1 млн гектар дәнді дақылдарға тиесілі болса, 3,4 млн гектарға бидай егілген. Майлы дақылдар өткен жылы 873,5 мың гектар алқапты қамтыған.
Осылайша, биыл өңірде дәнді дақылдарға басымдық сақталып, майлы дақылдар көлемі біршама артады.
Сурет: Agrotrend.kz
















































